Президент Тоқаев сегіз мемлекеттен сенім грамоталарын қабылдады

853
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/cogppXrCaCdNMqmaAESgdrDAlhy3kR8o9jjUwnKo.webp

Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілері, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Ақордада хабарланды.

Сенім грамоталарын Украина елшісі – Виктор Майко, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі – Сарангоо Раднаарагчаа, Үндістан Республикасы елшісі – Я.К. Сайлас Тангал, Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы елшісі – Осман Михаджи, Швеция Корольдігі елшісі – Ларс Стефан Эрикссон, Бельгия Корольдігі елшісі – Эрик де Майер, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі елшісі – Салли Джейн Аксуорси, Латвия Республикасы елшісі – Даце Рутка, Грузия Республикасы елшісі – Леван Диасамидзе тапсырды.

Мемлекет басшысы жаңа тағайындалған дипломаттарды құттықтап, Қазақстанның көпвекторлы және теңгерімді сыртқы саясат ұстанып келе жатқанын атап өтті. Ол еліміздің конструктивті диалог пен өзара тиімді ынтымақтастыққа әрдайым ашық екенін жеткізді.

Комментарии
Другие материалы