Экс-министр облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

1766
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ZNmDDJH8pahcl72VRVKFAXzrt9pFxGfYOxeJMa2I.webp

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісімі бойынша Асхат Оралов Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Асхат Оралов бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған. Ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Ресей СІМ жанындағы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) тәмамдаған, PhD дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінде бас маман болып бастаған. Кейін «Нұр Отан» партиясының филиалында, Астана қаласы әкімдігінде, жастар саясаты саласында түрлі басшылық қызметтер атқарды.

Одан бөлек Павлодар облысы әкімінің орынбасары, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Астана қаласы әкімінің орынбасары болды. Сондай-ақ «Nur Otan» және «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарған.

2023 жылғы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалған. 2024–2025 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

Комментарии
Другие материалы