Қазақстан-Ресей шекарасында кептеліс жоқ екені айтылды

883
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/shekaradaғy-keptelis.jpeg

Қазақстанның Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитеті Ресейге өтетін шекара бекеттерінде жүк көліктерінің кезегі тіркелмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Тексерулер әдеттегі режимде жүріп жатыр», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар ведомство тасымалдаушылардың шағымына сілтеме жасап, Ресей аумағында қазақстандық жүк көліктеріне тексерулер күшейгенін атап өтті.

«Тасымалдаушылар кідірістер мен қосымша шығындарға әкелетін тексерулердің көбейгенін айтады. Қазақстан өз кезегінде ЕАЭО ережелерін сақтап отыр, онда тауарлардың еркін қозғалысы қарастырылған», – деді комитет өкілдері.

Ресейдің Федералдық кеден қызметі де кезектерге қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Олардың айтуынша, жүк көліктерінің жиналуы Қазақстан аумағындағы тұрақтарда байқалған, ал тікелей өткізу пункттерінде кезек тіркелмеген.

Бұған дейін ресейлік БАҚ 18 қыркүйекте Қазақстан мен Ресей шекарасында жүк көліктерінің рекордтық кезегі пайда болғанын жазған. Оның себептері ресми түрде түсіндірілмеген.

Сарапшылардың айтуынша, оған «кездейсоқ тексерулер», «Қытайдан келетін сұр импортпен күрес» және «контрафакт өнімдерін анықтау» ықпал еткен болуы мүмкін.

Айта кетейік, маусым айында да шекарада осындай ірі кептеліс орын алған. Ол кезде қарапайым азаматтар да қиындыққа тап болған еді. Бұған жазғы туристік ағымның артуы және 30 маусымнан бастап Ресейдің жаңа көші-қон талаптарының күшіне енуі әсер еткен.

Комментарии
Другие материалы