Қателік салдарынан. Ондаған тұтқын түрмеден заңсыз босатылған

1374
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ZzINVXCTGVyL5tyHKaFVNsj6WW58b3TZFlwm9wcw.webp

Ұлыбританияда 37 тұтқын заңсыз босатылған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Батыс Еуропа бойынша тұтқыны ең көп елде орын тапшылығы бойынша арнайы бағдарлама аясында бірнеше тұтқын мерзімінен ерте босайды.

Әсіресе, Англия мен Уэльстегі түрмелерде орын тапшылығына байланысты қабылданған мерзімінен бұрын босату бағдарламасы ел ішінде үлкен дауға айналды. Себебі жаңа жүйе аясында ондаған сотталушы заңсыз түрде бостандыққа шыққан.

Қыркүйек айынан бері бұл бағдарлама бойынша шамамен 1750 адам түрмеден босатылған. Бұған дейін сотталғандар жазасының кемінде жартысын өтеген соң ғана бостандыққа шығатын болса, жаңа тәртіпке сай оларға жазаның 40%-ын өтеу жеткілікті. Дегенмен тәжірибе барысында қателіктерге жол беріліп, 37 тұтқын заңсыз босатылғаны анықталды. Олардың басым бөлігі қайта ұсталып, түрмеге қайтарылды, бірақ бесеуі әлі еркіндікте жүр. Одан бөлек, бостандыққа шыққандардың бірі сексуалдық сипаттағы қылмысқа қайта барып, ұсталған.

World Prison Brief дерегінше, өткен жылы Ұлыбритания түрмелерінде 97 мыңнан астам адам отырған. Бұл көрсеткіш Франциядан 22%-ға, Италиядан 37%-ға, Германиядан 42%-ға көп. Ал Испаниямен салыстырғанда екі еседен асады.

Комментарии
Другие материалы