Павлодарда қар жауды. Полиция ескерту жасады

709
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/moroz-pogoda-zima-holod.jpg

Павлодар облысында 11 қазан күні қар жауып, ауа температурасы нөлден төмендеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қар жаууы түнде басталған. Қала тұрғындары әлеуметтік желіде қазан айындағы қалың қардың видеоларын бөлісіп жатыр. Көпшілігі бұл мезгілге тән емес ауа райына таңданысын жасырмады.

Полиция департаменті жүргізушілерге ауа райының нашарлауына байланысты сақ болуды ескертті.

«Қар мен жауын-шашынның аралас түсуі және көктайғақтың пайда болуы салдарынан облыс жолдарында қозғалыс шектелуі мүмкін. Сондықтан ауа райы болжамын бақылап, жол жабылған жағдайда жолға шықпаңыздар. Ал ауылдық жерлердің тұрғындарына қолайсыз ауа райында алысқа жаяу бармауға кеңес береміз», – делінген департамент хабарламасында.

Сонымен қатар, полиция жүргізушілерге арақашықтық сақтауды, жылдамдықты асырмауды және алыс сапарларға шықпауды ұсынды.

Павлодар қалалық әкімдігі қар тазалау жұмыстарына 300-ге жуық арнайы техниканы шығарғанын хабарлады. Алайда тұрғындардың айтуынша, қар тазалау қарқыны баяу жүріп жатыр.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Павлодар облысында аязды және қарлы ауа райы сақталып, түнгі уақытта –9°C-қа дейін суық болады.

Комментарии
Другие материалы