Министрлік министрліктің дегенін жоққа шығарды. Ет қымбаттады

1062
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/09/myasoimages.jpg

Қазан айының алғашқы аптасында сиыр еті бағасы 0,4%-ға өсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Сауда министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство басшысы Арман Шаққалиевтің айтуынша, бұл өнімнің қымбаттауы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың жалпы бағасына елеулі әсер еткен.

Сондай-ақ, қарақұмық 0,7%-ға, сары май мен жұмыртқа 0,3%-ға, ал сүт пен ірімшік 0,1%-ға қымбаттаған.

Сегіз әлеуметтік маңызы бар тауардың бағасы төмендеген.  Ең көп арзандаған өнімдер – пияз (–2,6%), сәбіз (–1,7%), қырыққабат (–1%) және картоп (–0,8%). Сондай-ақ күнбағыс майы мен қант 0,3%-ға, ал ұн мен күріш 0,1%-ға арзандаған.

Нан, макарон, тауық еті, айран және тұз бағасында өзгеріс жоқ. Осыған байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің жалпы индексі 0% деңгейінде қалды.

Билік өкілдері баға өсімін бақылауда ұстайтынын және делдалдық тізбекті қысқартатынын мәлімдеді.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, биыл қаңтар мен қыркүйек аралығында сиыр еті 23,6%-ға қымбаттаған. Ауыл шаруашылығы министрлігі бағаның өсуін субсидиялардың тоқтатылуымен, энергия мен коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуімен, жанар-жағармай мен ветеринарлық препараттардың қымбаттауымен және делдалдардың үстеме бағаларымен түсіндіреді.

Сауда министрлігі азаматтардың шағымдарын қабылдау үшін бағаға қатысты жедел желі ашқанын хабарлады.

Соңғы кезде сиыр етінің бағасы туралы жиі айтып кеткен Ауыл шаруашылығы министрлігі өткен айда еттің негізсіз қымбаттауына жол берілмейтінін арнайы жариялаған болатын.

 

Комментарии
Другие материалы