Алматыда автобус 75 жастағы қарт әйелді қағып кетті

778
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8FzD2jJegHb04qcMNUwE47fdrJkj0jhhpvJ6PoV9.jpg

Алматыда автобус 75 жастағы қарт әйелді қағып кетті. Оқиға Медеу ауданында болды, деп хабарлайды “Адырна”.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видео тарады.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, бүгін, 17 қазанда автобус жүргізушісі Мақатаев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Зенков көшесімен қиылысында жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол апатынан әйел түрлі дене жарақатын алып, қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.

"Апаттың барлық мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр", деп хабарлабы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Комментарии
Другие материалы