Иранда режиссердің жерлеуі ислам дәстүрлерінен өзгеше өтті

1344
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/dnPE6OcrPCBmBTMfa9c4S3Z4lwc4mMRqgzqupvl1.jpg

14 қазанда қайтыс болған ирандық режиссер Насер Тагваидың жерлеу рәсімі елде үлкен қоғамдық талқылауға тудырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ирандық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Қоштасу рәсімі исламдық жерлеу дәстүрлерінен өзгеше өтті. Көптеген қатысушылар, соның ішінде танымал актриса Катайун Рияхи, хиджабсыз келген.

Рәсім барысында Құран аяттары мен араб тіліндегі дұғалардың орнына Фирдоусидің “Шахнамесінен” үзінділер оқылып, қатысушылар ақ түсті киім киіп, ән шырқады. Бұл жайт қоғамда ежелгі зороастризм дәуіріндегі ирандық дәстүрлерге қайта оралу белгісі ретінде қабылданды.

Әлеуметтік желілерде бұл оқиға саяси тұтқын Маджидреза Рахнавардтың өлім жазасына дейін айтқан сөзімен жиі байланыстырылды.

“Құран оқымаңдар, ән айтыңдар”, - деген еді ол соңғы сөзінде.

Сарапшылардың пікірінше, Насер Тагваидің жерлеу рәсімі Иранда исламдық әдет-ғұрыптардан алыстап, ежелгі парсылық мәдени құндылықтарға бет бұру үрдісінің күшейіп келе жатқанын көрсетті.

Комментарии
Другие материалы