Көкшетауда мас жүргізуші полициядан қашып, қоршауға соғылды

887
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8bvpeJ88g4v1gVFBRG07NlMIH8UIcqcaCyhGAtOr.jpg

18 қазан түні Көкшетау қаласында патрульдік полиция қызметкерлері дүкен маңынан шыққан BMW маркалы автокөлікті байқап, жүргізушінің күдікті әрекетіне назар аударған. Полицейлер тоқтау туралы белгі берген, алайда жүргізуші бұл талапты елемей, оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан, деп хабарлайды “Адырна”.

Көлік иесі жоғары жылдамдықпен келе жатып рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі металл қоршауға соғылған. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.

Тексеру кезінде жүргізушінің орташа дәрежеде мас болғаны анықталды. Сонымен қатар, ол бұған дейін де дәл осындай құқық бұзушылық жасап, екі жыл бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама қорытындысы жүргізушінің мас күйде болғанын растады.

Полиция департаменті азаматтарды мас күйде көлік жүргізбеуге шақырады. Бұл — тек әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын ауыр құқық бұзушылық.

Комментарии
Другие материалы