Қырғызстан қар барысын ұлттық символ ретінде бекітті

1271
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/DpzeopVnZkZzgUDXTymsaVk6S7TnangYyNmttqkN.png

Қырғыз Республикасының министрлер кабинеті елдің ұлттық символы ретінде қар барысын (ілбіс) ресми түрде бекітті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Құжатқа сәйкес, қар барысының бейнесі бар ресми логотип пен оны пайдалану тәртібі бекітілді. Бұл шешім 2023 жылдың 29 желтоқсанындағы Президент Жарлығын іске асыру мақсатында қабылданған. Жарлықтың басты мақсаты – Қырғызстанның табиғи және мәдени мұрасын бейнелейтін ұлттық символдарды сақтау, қорғау және кеңінен насихаттау.

Министрлер кабинеті табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрлігіне қар барысының популяциясын сақтау мен оның тіршілік ету аймағын қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Сонымен қатар, барлық мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару құрылымдарына және ұйымдарға осы қаулыны басшылыққа алу міндеттелді.

Қар барысы – Қырғызстан тауларының ежелгі мекендеушісі әрі еркіндік пен қайсарлықтың символы. Оның бейнесі елдің экологиялық жауапкершілігін және табиғатты қорғауға деген ұлттық ұмтылысын білдіреді.

Қаулы ресми жарияланған күнінен бастап заңды күшіне енді.

Комментарии
Другие материалы