Олжас Қазақстанның Вацлав Гавелі бола алар еді...

1122
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/iiYy8uaUQBWcV6jGPGw2Wsv7XupsD2YlG2Z5ixiq.jpg

Бүгін қазіргі заманның классигі ақын, абыз Олжас Сүлейменовпен кездестік. Ораз Жандосов екеуміз оны Алматыдағы жайлы кафелердің бірінде күтіп алдық. Бұл жерде Олжекең процедуралардан кейін келіп, кофе ішіп, көгершіндерге жем шашып отыратын. 

Біз соңғы саяси оқиғаларды, халықаралық жағдайды талқылап, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдары мен сол кезеңнің маңызды сәттерін еске алыстық. Олжас Сүлейменовтің сол кезде президенттікке түспегеніне қатты өкінетін едім.

Әттең, Олжекең сайлауға үміткер болғанда бүкіл халық оны қолдап кетер еді. Сол жолмен жүргенде Олжас Қазақстанның Вацлав Гавелі бола алар еді. Ел мүлдем басқаша дамуы мүмкін еді.

Біз кафеден шыққан кезде құстар да ақынға лап қойды. Бұл өзі өте бір әсерлі сәт болды. Көгершіндер оны көптен танитын сияқты көрініп кетті. 

 

 

Комментарии
Другие материалы