Алматы облысында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

1106
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/z1gVHaIx4JVc3xL7vlaLehvMhtfTKdw1GBG2el4P.jpg

8 қараша күні Алматы облысының ірі әрі тарихи өңірі — Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ» атты аймақтық ауыл әйелдерінің форумы өтті. Іс-шараға 340-қа жуық белсенді ауыл әйелдері қатысты.

Форум Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, «Ауыл» партиясының және Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Басты мақсат — ауылдық жерлердегі әйелдердің көшбасшылық әлеуетін арттырып, олардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдың тұрақты дамуына бағытталған саясатының аясында жүзеге асырылып отыр.

Форумның ашылу салтанатында Алматы облысы әкімінің орынбасары, өңірлік комиссия төрағасы Ғани Майлыбаев, Жамбыл ауданының әкімі Ертас Ертасұлы, сондай-ақ Президент жанындағы ұлттық комиссия мүшесі Айгерім Сарсенбаева және «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Ғалымжан Құсманғали сөз сөйледі.

Пленарлық отырыс «Ауылдық жерлердегі әйелдердің әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту: өңірлік даму саясатының негізі» тақырыбына арналды. Онда ауыл кәсіпкерлігін дамыту, қаржылық және әлеуметтік қолдау тетіктері, құқықтық мүмкіндіктер мен экспорттық әлеует мәселелері жан-жақты талқыланды.

Алматы облысының кәсіпкерлік басқармасы мемлекеттік гранттар мен жеңілдетілген несие беру шарттарын таныстырса, жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы әйелдерге арналған әлеуметтік бағдарламалардың нәтижелері туралы баяндады. Ауыл кәсіпкерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, ауыл шаруашылығындағы кооперацияның маңыздылығын атап өтті.

_8cd2522e.jpg

Форум аясында ауыл әйелдерінің қолынан шыққан ауыл шаруашылық өнімдері мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, олардың еңбек әлеуеті мен ұлттық дәстүрді сақтаудағы үлесі көрсетілді.

Қорытындысында форумда көтерілген барлық ұсыныстар мен өзекті мәселелер Президент жанындағы ұлттық комиссияның сараптамалық жұмысына енгізіліп, орталық мемлекеттік органдарға заңнамалық және әкімшілік деңгейде қарау үшін жолданатыны айтылды.

6ee46c02-54f9-48e3-95d8-a4be562442f3.jpeg

b6c07e36-9648-4acf-b230-a663e78b4b8e.jpeg

 

Комментарии
Другие материалы