Шетелдіктерді заңсыз тіркеген қылмыстық топ ұсталды

804
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Қарағанды облысының прокуратурасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті бірлескен жедел іс-шаралар нәтижесінде шетел азаматтарын заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды "Адырна".

Прокуратура мәліметінше, топ құрамында халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері, медициналық ұйымдардың өкілдері және делдал ретінде жұмыс істеген «көмекшілер» болған. Тергеу деректері олар шетел азаматтарына 700-ден астам уақытша тұруға рұқсатты заңсыз рәсімдегенін көрсетеді. Тіркеу заңына сәйкес, мұндай рұқсат беру үшін тұрғын үй иесінің жеке келіп, келісім беруі қажет, алайда шетелдіктердің тіркелуі бұл талаптар орындалмай жүзеге асқан.

Сонымен бірге, қылмыстық топ мүшелері екі заңсыз электрондық цифрлық қолтаңба дайындап, eQonaq ақпараттық жүйесіне 30-дан астам жалған хабарлама жіберген. Бұл әрекеттер цифрлық қолтаңба иелерінің келісімінсіз және олардың хабарынсыз жасалған.

Прокуратура мұндай заңсыз тіркеулер ұлттық қауіпсіздікке елеулі қатер төндіретінін, ел аумағына ниеті бұзық тұлғалардың кіруіне мүмкіндік жасайтынын атап өтті. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін алдын ала тергеу жүріп жатыр.

Комментарии
Другие материалы