Жемқорлық салдары. Балалар платформасы қызметін тоқтатады

612
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UwC1JJN0QAOyje03G1mnK97PsAbjC8JzhgkP5ZYf.jpg

Қазақстанда ArtSport платформасы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жабылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы платформа иесі және жасаушысы «SoftDeCo» ЖШС 28 қарашада хабарлаған.

Компания мәліметінше, ақпараттық жүйе қызметтері тоқтатылады және жобаны әрі қарай дамыту экономикалық тұрғыдан тиімді болмағандықтан жоба толық жабылады. Пайдаланушылардан құрылғыларында барлық қажетті деректерді сақтап қалу сұралады.

Оөу-ағарту министрлігі бұл платформаның жеке екенін атап өтіп, республика бойынша әр өңірде мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысқа арналған өз платформалары барын хабарлады.

Ведомствоның айтуынша, мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыратын платформаларды таңдау жергілікті атқарушы органдар арқылы жыл сайын заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Айта кетейік, мемлекеттен қаржыландыру арқылы бұқаралық балалар спорты мен шығармашылығын дамытуға арналған «Artsport» жобасы шеңберінде анықталған сыбайлас жемқорлық схемалары қоғамда үлкен резонанс тудырған еді.

Тиісті орган мәліметінше, жоба бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыруға шамамен 2021-2022 жылдарға 43 млрд теңге бөлінген. Бағдарламаны іске асырудың қысқа мерзімі ішінде 11 адамға қатысты 19 қылмыстық іс тіркелген, оның ішінде 6 адамның ісі сотқа беріліп, 2023 жылы 4 адам сотталған.

Комментарии
Другие материалы