Тағы да жол апаты. Жаяулар өткелінде 2 оқушыны көлік қағып кетті

436
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/L8V5XZOWtNrXOkTjzj8S5xRIFL1PYLgWbAziqSu4.bmp

Астана маңындағы Қоянды елді мекенінде жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан апалы-сіңлі екі оқушыны жеңіл көлік қағып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқыс оқиға 1 желтоқсанда болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қыздардың кішісі 5-сыныпта, үлкені 10-сыныпта оқиды. Олар мектепке бара жатқан сәтте «Nissan Primera» маркалы автокөліктің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағында балаларды қағып кеткен.

Зардап шеккендер жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің мәліметінше, кіші қыз бала жабық бас-ми жарақатын, ми шайқалуын, кеуде және іш тұсының соғылғанын, сондай-ақ жамбас буынының зақымдануын алған. Ал үлкен әпкесіне бас-ми жарақаты, ми шайқалуы және қолының көгеруі диагнозы қойылған.

Қазіргі уақытта кіші қыз Астанадағы ауруханада ем қабылдап жатыр, жағдайы – орташа. Үлкен әпкесі дәрігерлердің бақылауымен үйіне шығарылған.

Оқиға бойынша полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталып, материалдар уәкілетті органдарға жолданады.

Комментарии
Другие материалы