Алматы мектептерінде «Qarzhy Saqshysy» қаржылық қауіпсіздік бойынша білім беру жобасы өтіп жатыр

193
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ztmSerRQqZ60SCPz3fD8paxdPQBj68DuLMYXmbhI.jpg

2025 жылғы 1–15 желтоқсан аралығында «Заң және тәртіп» жалпыұлттық нарративі аясында Алматы қаласының мектептері мен колледждерінде жасөспірімдерді қаржылық қауіпсіздікке оқытуға және заманауи цифрлық қатерлерден қорғауға бағытталған республикалық «Qarzhy Saqshysy» компьютерлік ойыны өткізілуде.

Жоба Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Алматы қаласы Білім басқармасының бірлесіп жүзеге асыруымен іске асуда. Ойын AML Academy тарапынан Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен әзірленген.

Жобаның мақсаты — жасөспірімдердің қаржылық сауаттылығын арттыру және цифрлық ортада жауапты мінез-құлық қалыптастыру.

«Qarzhy Saqshysy» - ойыны жасөспірімдерді жастар арасында жиі кездесетін қаржылық алаяқтықтың түрлі схемаларымен таныстырады:
• қаржылық пирамидалар;
• дропперлік әрекеттер;
• фишингтік шабуылдар;
• әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі алаяқтық түрлері;
• цифрлық гигиенаның негізгі қағидалары.

Ойынның интерактивті форматы 10–11-сынып оқушылары мен колледж студенттеріне бейімделген практикалық тапсырмаларды, шағын жағдайларды және сұрақтарды қамтиды. Мұндай тәсіл жасөспірімдерге теориялық білімді меңгерумен қатар, нақты цифрлық жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қолдануға мүмкіндік береді.

Ойын қорытындысы бойынша үздік қатысушылар бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталады. Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл жоба профилактиканың тиімді құралына айналып, мегаполис мектептері мен колледж студенттерінің қаржылық қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Комментарии
Другие материалы