Мәсімовтің бұрынғы көмекшісі Қазақстанда металл өндірумен айналысады

221
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/19KDezJkWfxQrrIITjuKwEDiFhE0OAZLJ6ZhDtsY.jpg

«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) юрисдикциясында Bereke Wanrun Mining Ltd (BWM) атты жаңа компания тіркелді. Бұл туралы АХҚО деректерінде көрсетілген, деп хабарлайды "Адырна".

Мәліметке сәйкес, компания металл пайдалы қазбаларын жобалау, барлау және өндіру қызметтерін көрсетумен айналысады.

АХҚО мәліметінше, BWM компаниясының жарғылық капиталы 100 АҚШ долларын құрайды. Ол әрқайсысы 1 доллардан бағаланған 100 акциядан тұрады. Компанияның екі иесі бар — QazMetX Ltd. және WR Holdings Kazakhstan co. Ltd.

WR Holdings Kazakhstan co. Ltd. компаниясының құрылтайшысы – Wanrun Resources Holding PTE. Ltd.. Сингапурдың бизнес-анықтамалығы деректеріне сәйкес, бұл компания шетелде тіркелген және салықтан босатылған. Құрылтайшылары туралы ақпарат ашық дереккөздерде көрсетілмеген.

QazMetX Ltd. компаниясы Қуат Танысбаевқа тиесілі. Kompra сервисіндегі ақпаратқа сәйкес, 2001–2002 жылдары аты-жөні бірдей адам сол кездегі Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Карим Мәсімовтің көмекшісі болған.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Қуат Танысбаев 2018 жылдан бері Қазақстан қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарып келеді. Бұған дейін ол «Астана-Зеленстрой» басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан жас кәсіпкерлер қауымдастығының бас директоры, Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болған.

Комментарии
Другие материалы