Сәпиевке қатысты жанжал. Спорт басқармасында тексеріс басталды

486
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/3I13kMhVyWAnHh9oOaXqe7QVVF7E6uLUG1wsOsAo.jpg

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке қатысты соңғы даулы жағдайға байланысты тексеріс жұмыстары басталды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі әділ зерделеу мақсатында Спорт басқармасында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тиісті департаменті тарапынан тексеру басталды. Сонымен қатар басқарманың қызметіне кешенді аудит жүргізу көзделіп отыр»,-делінген хабарламада.

Бұған дейін Қарағандыда Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасында төбелес болғаны туралы ақпарат тараған еді. Қазнетте жанжалдың видеосы тарады. Кейін Сәпиев бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болдым. Облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, оған менің орынбасарым да қатысқан. Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым, соның салдары осы жағдайға әкелді»,-деді ол.

Комментарии
Другие материалы