Декреттегі әкелердің демалысы зейнетақы тағайындау кезінде есепке алынбақ

429
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/yQyieX2vk2SsD3qmkuz0Q783OXKYyomsuD9mnQDX.jpg

Әкелердің бала күтіміне байланысты демалысы зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтіліне есептеледі. Бұл туралы бүгін, 4 ақпанда Мәжілістің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қабылданған заң аясында кәмелет жасына толмаған балаларға нақты күтім жасаған уақыт енді жұмыс істемейтін әкелердің жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтіліне есептелетін болады. Тиісті нақтылаулар Конституциялық соттың нормативтік қаулысын іске асыру мақсатында Әлеуметтік кодекске енгізіледі»,-делінген хабарламада.

Сонымен қатар депутаттардың ұсынысы бойынша жұмыс берушінің бастамасымен жалғызбасты ата-аналарға (жынысына қарамастан) қатысты еңбек шартын бұзуға тыйым салынады. Осыған байланысты «жалғызбасты аналар» ұғымы «жалғызбасты ата-ана» деп өзгертіледі.

Бұдан бөлек, мәслихаттардың құзыреті типтік ережелер негізінде «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту бойынша толықтырылады.

Комментарии
Другие материалы