Депутат елордада ең үлкен шіркеуді салуға қарсылық танытты

589
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/B7Sxk3xeUOEiIQR3EVIoYeVRi0Nd0Okj79wBtEc9.webp

Астана қаласы мәслихатының депутаты Бауыржан Смаилов елордада Орталық Азиядағы ең ірі кафедралды православие шіркеуін салуға қарсылық білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Сіздер Орталық Азиядағы ең үлкен шіркеуді салатыныңызды айттыңыздар. Оны кім қаржыландырады? Бізге осындай шіркеу шынымен керек пе? Бұл мәселе талқыланды ма? Оның қажеттілігі зерттелді ме? Бізде үлкен де, кішкентай да шіркеулер бар. Қалаға кіре берісте осындай алып шіркеу салу, менің ойымша, мақтанатын жағдай емес»,-деді ол.

Нұра ауданының әкімі Ришат Тұрдыбеков жобаның 2018–2019 жылдары бекітілгенін және құрылысқа бюджет қаражаттары бөлінбейтінін, тек қайырымдылық қаражаттары арқылы жүзеге асырылатынын түсіндірді. Сондай-ақ ол бұл мәселе бойынша кейін қосымша ақпарат беретінін атап өтті.

 

Комментарии
Другие материалы