Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Бакуде екі ел үкіметі арасындағы Стратегиялық серіктестік турлы хартияға қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Құжат Әзербайжан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті көлік, энергетика, жасанды интеллект, инвестициялар және қауіпсіздік салаларында бекітеді. Негізгі тармақтардың бірі — тәуелсіздік пен аумақтық тұтастықты өзара мойындау және TRIPP (Trump Route) көлік дәлізін дамыту жобасын қолдау. Сондай-ақ құжат технология, цифрлық инфрақұрылым, қорғаныс және терроризмге қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты қарастырады.
«Біз энергетикалық қауіпсіздік мәселелерінде де ынтымақтастық орнатамыз. Қазіргі уақытта Әзербайжан табиғи газ ресурстары арқылы 16 елдің энергетикалық қауіпсіздігіне үлес қосып отыр, оның ішінде 11 ел НАТО мүшесі және АҚШ одақтастары», — деді Әлиев.