Назарбаевты сынаған саясаткер қастандыққа ұшыраған күн

258
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/xPYk7iGzHfXvo0DsbAzVJiTAz04XEHmoMZuXUZ5j.png

Бүгін, 11 ақпанда мемлекет қайраткері, оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының қаза тапқанына 20 жыл толып отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол 2006 жылдың 11 ақпанында көмекшісі Бауыржан Байбосын және жүргізушісі Василий Журавлевпен бірге ұрланған еді. Кейін олардың денелері 13 ақпанда Алматы маңындағы тау баурайынан табылған. Үшеуінің де арт жағынан және бастарына оқ атылған.  

Кейіннен Қылмысқа Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» арнайы тобының офицерлері қатысқаны белгілі болды. Сот үш адамды өлтірді деп танылған бұрынғы полиция қызметкеріне өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл іс бойынша сот процесі екі рет өтіп, әр жолы бұрынғы лауазымды тұлғалар кісі өлтіруге тапсырыс берушілер ретінде танылып, әртүрлі үкім шығарылды. Марқұмның жақындары мен серіктестері оны «саяси қастандықтың құрбаны» деп есептейді. Олардың пікірінше, қылмыстың барлық мән-жайы әлі күнге дейін толық ашылғанмаған.

Айта кетейік, Алтынбек Сәрсенбайұлы
Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі (2002-2003), Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы (2001), Қазақстанның ақпарат саласына жауапты министрі (1993-2001, 2004), «Ақ жол» және кейін «Нағыз Ақ жол» саяси партиясының тең төрағасы (2003-2006) қызметтерін атқарған болатын.

Комментарии
Другие материалы