Қазақстандық конькиші әлем чемпионатында рекорд орнатты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/B6iGHcgMWX6MJ4H42wzRnyPtItEt6jmmdH6Nu6ip.jpg

Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден классикалық көпсайыс бойынша әлем чемпионаты аяқталды. Бұл дисциплинада Қазақстан құрамасы сапынан Надежда Морозова өнер көрсетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандасымыз 500 метр қашықтықта үшінші болды. Одан кейін 3000 метрде оныншы болып мәреге жетті. 1500 метрде Морозова алтыншы орын алып, 24 қатысушының ішінен үздік сегіздікке енді. Осылайша ол 5000 метр қашықтықта жарысуға мүмкіндік алды.

5000 метрде Морозова жетінші орынға тұрақтады. Нәтижесінде ол әлем чемпионатын да жетінші орынмен аяқтады (160.435 ұпай).

Алтын медальді норвегиялық Рагне Виклунд (157.457) жеңіп алды. Нидерланд спортшысы Марейке Груневауд екінші орынға ие болды (158.086). Жапониялық Михо Такаги үздік үштікті түйіндеді. Көпсайыста ең аз ұпай жинаған спортшы жеңімпаз атанады.

Айта кетейік, Екатерина Морозова 5000 метр қашықтықта 7:02.30 нәтижемен Қазақстанның ұлттық рекордын жаңартты. Сондай-ақ ол көпсайыс қорытындысы бойынша да ұлттық рекорд орнатты. Спортшы 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғаған болатын.

 

 

Комментарии
Другие материалы