Иран Бахрейнге шабуыл жасады. 32 адам зардап шеккен

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/thAsFlG4DXTCAp85LHwLZupMzzPFihAAN6evbZhS.jpg

Иранның ұшқышсыз ұшу аппараты Бахрейндегі Ситра аралы аймағын атқылады. Оқиға бүгін, 9 наурызда болған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Bahrain News Agency-ге сілтеме жасап.

Корольдіктің денсаулық сақтау министрлігі мәліметтері бойынша, шабуылдан 32 бейбіт тұрғын зардап шекті. Олардың арасында балалар да бар. Медициналық қызметкерлер төрт адамның ауыр жарақат алғанын хабарлады.

Елдің ішкі істер министрлігі шабуыл салдарынан көптеген үйге зақым келгенін атап өтті.

Бахрейн билігі бұл оқиғаны бейбіт тұрғындарға қарсы жасалған агрессия деп атады.

Комментарии
Другие материалы