Береке мен бірліктің белгісі: Кәлпе ауылында референдум мерекелік көңіл күйде өтуде

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/iS785AtxfewdVH065UyOoSWG0DTxmDpjjxID7w7v.jpg

15 наурыз күні Қаратал ауданынның Кәлпе ауылында референдум жоғары белсенділікпен өтуде. Ауыл тұрғындары ұйымшылдық пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп, бір мезетте 400-ге жуық адам дауыс беруге жиналды.

Кәлпе ауылына қарасты 14 көшенің тұрғындары №157 сайлау учаскесіне келіп, өздерінің азаматтық таңдауын жасады. Елдік маңызы бар науқанға ауыл халқы ерекше жауапкершілікпен қарап, белсенділік танытты.

Бір ерекшелігі, референдум Наурызнаманың онкүндігімен тұспа-тұс келіп, ауылда ерекше мерекелік көңіл күй қалыптастырды. Сайлау учаскесінің маңында тігілген киіз үйде жиналған тұрғындарға ұлттық тағамдар ұсынылды. Жастар алтыбақан теуіп, балалар асық атып, ауыл іші ұлттық дәстүрге сай думанға ұласты.

«Қарты бар үйдің қазынасы бар» демекші, ауылдың тоқсаннан асқан қариялары да бұл маңызды науқаннан шет қалмады. 1934 жылы дүниеге келген Сүлеймен Андасбаев өмірінің 40 жылын мал дәрігері қызметіне арнап, ел игілігі үшін еңбек еткен. Ал Бәтен Бұлдыбаева апамыз денсаулық сақтау саласында ұзақ жыл қызмет атқарған ардагер маман. Ғасырды еңсерген қос қария да сайлау учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауларын жасады.

Бұл – үлкендердің ел тағдырына бейжай қарамайтынын көрсететін өнегелі іс әрі жас ұрпаққа үлгі.

Осылайша №157 сайлау учаскесінде өткен референдум ауыл тұрғындарының бірлігі мен азаматтық белсенділігін айқындаған маңызды күн ретінде көпшіліктің есінде сақталары анық.

Комментарии
Другие материалы