Ормуз бұғазы АҚШ пен оның одақтастарының кемелері үшін ғана жабық – Арагчи

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/yNxJkA2cvj7xG2QGt25pqw0A0Zt1TvYpcgTEjiQ5.jpg

Иран билігі Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерге қатысты жаңа мәлімдеме жасады. Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи бұғаз барлық елдердің кемелері үшін ашық екенін, алайда АҚШ пен оның одақтастарының кемелеріне шектеу қойылғанын айтты, деп хабарлайды "Адырна".

Министрдің айтуынша, Иран аймақтағы бірқатар мемлекеттермен дипломатиялық байланыстарын жалғастырып отыр. Атап айтқанда, Катар, Сауд Арабиясы, Оман және көршілес елдермен байланыс сақталған.

Сонымен қатар, Арагчи қауіпсіздік жағдайына байланысты көптеген кемелер Ормуз бұғазы арқылы өтуден уақытша бас тартуы мүмкін екенін атап өтті.

Бұған дейін Ислам революциясы сақшылар корпусы Ормуз бұғазы маңында бірнеше мұнай танкеріне соққы жасалғанын хабарлаған еді.

Айта кетейік, Ормуз бұғазы әлемдегі мұнай тасымалының негізгі бағыттарының бірі саналады. Сондықтан бұл аймақтағы қауіпсіздік жағдайы халықаралық сауда мен энергетикалық нарыққа тікелей әсер етуі мүмкін.

Комментарии
Другие материалы