Израиль әскері Иранның ғарыш агенттігінің басты орталығына соққы жасады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/RlV7b7V27gKoSlUJpe3yj4Kj8WKuwfshkiXqQX6M.jpg

Израиль Әуе күштері Тегеранда орналасқан Иранның ғарыш агенттігінің басты зерттеу орталығына соққы жасап, оны қиратты. Бұл туралы Израиль қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Хабарламаға сәйкес, аталған орталықта стратегиялық зертханалар орналасқан. Онда әртүрлі зерттеулер жүргізіліп, соның ішінде әскери спутниктерді әзірлеу жұмыстары атқарылған. Бұл спутниктер бақылау жүргізу, барлау деректерін жинау және Таяу Шығыс аумағындағы нысандарға соққыны дәл бағыттау сияқты міндеттер үшін қолданылуы мүмкін болған.

Сонымен қатар, соққылар әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін өндіру жүргізілген бірнеше нысанға да жасалғаны хабарланды.

Комментарии
Другие материалы