«Ұлы Дала кереметтері». Ұлттық мұра фотосурет арқылы насихатталуда

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/pUK54smUp0WgV7A4tJkzrxi6iirmnAttfy3IM0ek.jpg

Фото: Дәурен Мақсұтханұлы, Досжан Балабекұлы.

Алматыда «Ұлы Дала кереметтері» этно-фотокөрмесі өтті. Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған бұл ауқымды мәдени жоба 21 наурызда басталып, 23 наурызға дейін жалғастыы.

Көрме Алматы қаласы Музейлер бірлестігі мен «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі тарапынан, Алматы қалалық Мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған.

Аталған жоба бірнеше маңызды мерейтойлар мен атаулы күндер аясында жүзеге асты. Атап айтқанда, фотография өнерінің пайда болғанына 200 жыл толуы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы және Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы көрменің негізгі тақырыптық өзегін құрайды.

Этно-фотокөрме ұлттық мұраны заманауи көркемдік тәсілдер арқылы таныстыруды мақсат етеді. Жоба тарихи сабақтастық, рухани жаңғыру және визуалды мәдениеттің дамуын өзара байланыстыра отырып, көрерменге тың көзқарас ұсынады.

Республикалық деңгейде ұйымдастырылған көрмеге Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен өзге өңірлерден 30-дан астам танымал фотографтар мен фотожурналистер қатысуда. Олардың қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, мемлекеттік құрылымдардың ресми фотографтары, сондай-ақ ұлттық және кәсіби сыйлықтардың лауреаттары бар.

Көрмеде алдын ала іріктеуден өткен 100-ге жуық этнографиялық фототуынды ұсынылған. Бұл жұмыстар қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін және Ұлы Даланың көркем бейнесін кеңінен паш етеді.

Айта кетейік, фотография тарихы 1826 жылдан бастау алады. Сол жылы француз өнертапқышы Жозеф Нисефор Ньепс алғашқы тұрақты фотобейнені түсіріп, жаңа өнер түрінің негізін қалаған болатын. Содан бері фотография уақытты «тоқтататын» ерекше құрал ретінде адамзат мәдениетінде маңызды орын алып келеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Наурыз – табиғаттың жаңаруын білдірсе, фотография – адам жадын жаңғыртатын өнер. Осы екі ұғымның үйлесімі көрменің басты идеясы ретінде ұсынылды.

Комментарии
Другие материалы