Димаштың әні 1 жыл бойы Польша чартында көшбасшылық орнын сақтап келеді

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/5JEdvtEPBilO10TzZeuRApgHbOqdiKPeeRtModPb.jpg

Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Love’s Not Over Yet» әні Польшаның Radio Olsztyn хит-парадында 52 апта қатарынан бірінші орынды иеленіп отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі dimashnews-ке сілтеме жасап.

“Осы кезең ішінде композиция тек бір рет қана көшбасшылықты уақытша жоғалтып, бір аптаға екінші орынға түсіп қалып, кейін қайта рейтингтің жоғарғы сатысына оралған. Чарттың шыңында ұзақ уақыт бойы тұрақтауы сәтті туынды болуынан ғана емес, сонымен қатар польша тыңдармандары тарапынан көрсетілген айрықша қолдауды да айғақтайды",- делінген хабарламада.

Хит-парад архивіндегі «1. Bez zmian. 52 tydzień na liście» деген атау «1. Өзгеріссіз. Тізімдегі 52-апта» деп аударылады. Бұл композицияның рейтингтің ең жоғары сатысында рекордтық мерзім бойы тұрғанын дәлелдейді.

Комментарии
Другие материалы