Ташкентте ағылшын құқығына негізделген халықаралық қаржы орталығы құрылады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/cjqXvBCBNSVKnSwR2CTgHoDOKmlwcT2aV9bAcdd4.jpg

Фото: kun.uz

Ташкент қаласында Англия мен Уэльстің жалпы құқығы негізінде жұмыс істейтін Халықаралық қаржы орталығы құрылмақ. Жоба таныстырылымымен Шавкат Мирзиёев танысты, деп хабарлайды “Адырна” порталы Kun.uz сайтына сілтеп.

Ұсынылған есептеулерге сәйкес, 2030 жылға қарай орталық қосымша 20-25 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартуға, жыл сайынғы ЖІӨ өсіміне 1%-ға дейін үлес қосуға, 15 мыңға дейін жоғары білікті жұмыс орнын құруға және шамамен 10 мың маманның біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Орталықтың жұмыс істеуі үшін арнайы құқықтық режим енгізу жоспарланып отыр. Оның аясында Англия мен Уэльстің жалпы құқығы орталық туралы заңнамаға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылатын болады. Басқарушы органдарға өз нормативтік-құқықтық актілерін қабылдау құқығы беріледі.

Орталық құрылымында халықаралық коммерциялық сот пен арбитраж орталығын құру қарастырылған. Олар резиденттердің қатысуымен туындайтын дауларды қарайтын болады.

Орталық резиденттеріне бірқатар жеңілдіктер ұсынылады. Атап айтқанда, капиталдың еркін қозғалысы мен репатриациясы, еркін валюталық операциялар, цифрлық активтермен жұмыс істеу мүмкіндігі, салықтық жеңілдіктер және жеңілдетілген визалық тәртіп қарастырылған.

Орталық қызметінің негізгі бағыттары ретінде қаржы-инвестициялық және банктік қызметтер, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығы, төлем жүйелері, сондай-ақ қаржылық технологиялар мен цифрлық активтермен операцияларды дамыту белгіленген.

Комментарии
Другие материалы