Қазақстанда студенттердің оқу ақысы мен шәкіртақысы көбейе ме?

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/U79mkHsINj11wPv7LWxjiWFpDw2Fu938D1fN70xQ.png

Қазақстанда жоғары оқу орындары студенттерінің оқу ақысы мен шәкіртақысына қатысты мәселелер Үкімет деңгейінде қайта қарастырылуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек соңғы бес жыл ішінде шәкіртақы көлемін жыл сайын 20–25 пайызға арттыру бағдарламасы сәтті жүзеге асқанын айтты. Алайда 2025 жылы бұл бағдарламаның мерзімі аяқталған. Қазіргі уақытта министрлік студенттерді қолдау шараларын жалғастыру үшін жаңа тетіктер әзірлеуде.

Министрдің айтуынша, шәкіртақыны кезең-кезеңімен ұлғайту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасуы мүмкін.

«Қазіргі уақытта төлемдерді жыл сайын арттыру үшін бағдарламаны Үкіметпен бірлесіп қайта жаңғырту мүмкіндігін қарастырып жатырмыз», – деді Саясат Нұрбек.

Бұл бастама студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Қазіргі таңда бакалавриат студенттеріне арналған ең төменгі шәкіртақы мөлшері шамамен 55 мың теңгені құрайды. Бұл сомаға педагогикалық мамандықтарға берілетін қосымша үстемелер кірмейді.

Комментарии
Другие материалы