АҚШ пен Иран 45 күндік бітім туралы келіссөз жүргізіп жатыр

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/G6vVqBi40dvQ54bSCwTeMnKaRa4Eg0PSxTDN4gJR.webp

АҚШ, Иран және аймақтық делдалдар қақтығысты реттеу мақсатында 45 күндік уақытша бітім енгізу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Axios басылымына сілтеме жасап.

Дереккөздердің мәліметінше, екі кезеңнен тұратын жоспар қарастырылуда. Бірінші кезеңде 45 күнге уақытша атысты тоқтату ұсынылады. Осы уақыт аралығында тараптар түпкілікті бейбіт келісімнің шарттарын келісуі тиіс. Қажет болған жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін.

Екінші кезеңде қақтығысты толық аяқтауға бағытталған кешенді келісімге қол қою көзделіп отыр.

Басылым деректеріне сәйкес, Дональд Трамп әкімшілігі соңғы күндері Иранға бірнеше ұсыныс жолдағанымен, Тегеран әзірге олардың ешқайсысын қабылдамаған.

Сарапшылар жақын 48 сағат ішінде келісімге қол жеткізу ықтималдығын төмен деп бағалап отыр.

 

Комментарии
Другие материалы