Каспий түбінен электр кабелін тарту жобасы сенатта талқыланды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/86sx8cggXgw6dD9AIhxXkon0V4QHzqxnSQG2dLfA.webp

Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжан бірігіп, Каспий теңізінің түбімен электр кабелін тарту жобасын қолға алады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

БАҚ дерегінше, жоба іске асса, Орталық Азияда өндірілген энергия Әзербайжан арқылы Еуропаға жеткізіледі.

Сенатта Қазақстан мен Өзбекстанның өзінде электр тапшылығы бар екені талқыланды. Яғни, сыртқа энергия экспорттау үшін алдымен ішкі сұранысты жабу қажет.

Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешовтің айтуынша, алдағы жылдары бұл мәселе кезең-кезеңімен шешіледі. Қазақстан 2032 жылға дейін қуаты шамамен 26 ГВт болатын жаңа энергетикалық жобаларды іске қосуды жоспарлап отыр. Оның ішінде 6 ГВт-қа жуығы жаңартылатын энергия көздері болады.

Жоспар бойынша, Өзбекстанда өндірілген энергия алдымен Қазақстанға жеткізіледі. Кейін Каспий теңізі арқылы Әзербайжанға өтіп, одан әрі Еуропа нарығына шығады. Бұл бағыт Транскаспий энергетикалық дәлізі ретінде қарастырылып отыр.

Сарапшылардың айтуынша, алдағы 5–7 жылда Қазақстан мен Өзбекстанда «жасыл» энергия өндірісі айтарлықтай өседі. Соның арқасында тек ішкі сұранысты қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеует те қалыптасуы мүмкін

Комментарии
Другие материалы