Қазақстан үш отандық жер серігін ұшырмақ

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/XlOQIS4XiV57jfNBmRXiQer9uLjv8AeaBMsYr85O.jpg

Қазақстан 2027 жылы Жерді қашықтан зондтау үшін үш ғарыш аппаратын ұшыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының басшысы Қайыржан Қожаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, 2030 жылға қарай 6 жер серігінен тұратын орбиталық топтама қалыптастыру да көзделіп отыр.

«Жер серіктерін құрастыру және сынақ жұмыстары 2026 жылдың ортасынан басталады. Жұмысты жыл соңына дейін аяқтап, 2027 жылдың басында оларды орбитаға шығару жоспарланған. Жер серіктерін құрастыру және сынақ жұмыстары 2026 жылдың ортасынан басталады. Жұмысты жыл соңына дейін аяқтап, 2027 жылдың басында оларды орбитаға шығару жоспарланған»,-деді ол.

Жаңа жер серіктері 2014 жылы еуропалық серіктестердің қатысуымен ұшырылған аппараттың орнын баспақ. Ұшыру SpaceX зымыран-тасығышы арқылы жүзеге асырылады. Бұл шешім кейбір еуропалық құрамдас бөліктерді пайдалануға қатысты келісімшарттық шектеулермен байланысты болып отыр.

Айта кетейік, қазіргі уақытта орбитада Қазақстанның бес ғарыш аппараты бар.

Комментарии
Другие материалы