Мәскеуде полицейлер рок-вокалисті Гордонмен шатастырып, тергеуге алған

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/cuOh4ymI4fFJTt1UBhDMVtPoGQtV7PUAcvnOuwj2.jpg

Санкт-Петербургтегі Мәскеу вокзалында бет-әлпетті тану жүйесі «Свобода важнее моды» рок-тобының вокалисі Дмитрий Галяминскихті украиналық журналист Дмитрий Гордонмен шатастырып алған. Бұл туралы әнші желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

 «Біреу артымнан жүгіріп келе жатқанын сездім. «Мені таныған шығар, автограф немесе бірге суретке түсуді сұрайтын болар» деп ойладым. Артыма қарасам, полицейлер жүгіріп келе жатқанын көрдім. Олар мені бірден ұстап алды. Бет-әлпетті тану жүйесі мені “журналист-террорист” Дмитрий Гордон деп таныған», — деп жазды ол.

Вокалистің айтуынша, полицейлердің бірі оны шынымен Гордон деп ойлап, «жасырынып жүрген-жүрмегенін тексеру үшін сақалы мен шашын ұстап көрген».

Дмитрий Гордон — Киев қаласының тумасы. Ол әртүрлі украин басылымдарында жұмыс істеп, 1996 жылдан бастап «В гостях у Дмитрия Гордона» телебағдарламасын жүргізген. Бағдарламаға түрлі танымал тұлғаларды шақырған. 2010 жылы «Гордон» интернет-жобасын құрып, Киев қалалық кеңесіне депутат болып сайланған. Әр жылдары оның бағдарламасына Александр Лукашенко, Михаил Саакашвили, Владимир Зеленский, Игорь Коломойский, Ирина Роднина, Иосиф Кобзон қатысқан.

2022 жылдың қыркүйегінде Ресей әділет министрлігі Гордонды шетел агенттері тізіміне енгізді, сол жылы украиналық журналист халықаралық іздеуге жарияланды. Оған қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған. 2024 жылдың күзінде Екінші Батыс округтік әскери соты оны терроризмге шақыру және әскер туралы жалған ақпарат тарату ісі бойынша сырттай 14 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Комментарии
Другие материалы