Қазақстандықтар «Әділет» партиясына сенім білдіруде

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/VJTYVMCqciQAjbgmzOBhmvCFhaRnHPjLDfbBhDDj.webp

фото: Qaz365.kz

«Әділет» саяси партиясының құрылуы туралы жаңалық қоғамда кең талқыланып жатқан тақырыптардың біріне айналды. Бастамашыл топтың ұйымдастыру комитетін құру туралы мәлімдемесінен кейін, азаматтар әлеуметтік желілерде жаңа партияға қосылуға деген қызығушылық пен ниет білдіруде.

Әлеуметтік желілердегі пікірлерге қарағанда, партияға қосылуға ниет білдіргендердің арасында жастар көп, олар партия арқылы елді басқаруға қатысу үшін нақты мүмкіндік көріп, оның болашағына үлкен үміт артып отыр.

Жас қазақстандықтар «Әділет» партиясының әділ жолды ұстанбақ ниетін ерекше атап өтуде. Азаматтардың қалауы бір: өз ойын білдіріп жатқан көпшіліктің айтуынша, елге жаңа саяси мәдениет қажет, ал әділдік күнделікті тәжірибеге айналуы тиіс.

Партияға мүше болуға дайын екенін білдіріп жатқан азаматтар көп және де олар әр түрлі әлеуметтік топтардың өкілдері – кәсіпкерлер мен студенттерден бастап, танымал тұлғаларға дейін.

Қазақстандықтар «Әділет» партиясына елдің жаңа Конституциясы аясында әрбір азаматтың мүддесін қорғап, мүмкіндіктердің теңдігін қамтамасыз ететін ұйым ретінде үлкен үміт артып жатыр. Әлеуметтік желілердегі пікірлерге жүргізілген талдаудың нәтижесі «партияға қосылу үшін қайда қоңырау шалуға болады?» деген сұрақтың жиі кездесіп жатқанын анықтады.

Еске сала кетейік, 16 сәуірде «Әділет» партиясының ұйымдастыру комитеті бастамашыл топтың атынан 700-ден астам Қазақстан Республикасының азаматтарынан тұратын өтінішті Әділет министрлігіне ресми түрде тапсырды, барлық қажетті құжаттармен бірге саяси партия құру туралы хабарлама да жіберілді.

«Әділет» партиясының ұйымдастыру комитеті ресми түрде қызметін бастап, партияның құрылтай съезін өткізу бойынша дайындық жұмыстарына кірісті.

Комментарии
Другие материалы