Ереванда шерушілер Түркия туын жақты. Әзербайжанға қоса Пашинян да оны айыптады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6gsLtEqmYahdiHIo4u6R95ArwNRD0jlFmbQBYxYg.webp

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі (СІМ) Армения астанасы Ереванда факель шеруіне қатысушылардың Түркия туын жағып жібергенін қатаң айыптады. Report агенттігінің хабарлауынша, осыған байланысты СІМ мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Адырна”.

Мәлімдемеде Армения үкіметі осындай науқанды уақытында тоқтатып, тиісті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуі керек екені атап өтілген, өйткені мұндай әрекеттер этникалық жеккөрушіліктің көрінісі болмақ.

"Демократиялық нормалар, жиналу және ой еркіндігі деген сылтаумен мұндай қабылданбайтын әрекеттерді көз жұма қарау мүлдем қолайсыз. Бұл іс-әрекеттер реваншизм мен этникалық жеккөрушілікке негізделген фашистік идеологияның айқын көрінісі және халықаралық деңгейде айыпталып, тоқтатылуы тиіс", — делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, Армения билігінен бұл оқиғаға қатысы бар адамдарды жауапкершілікке тартуды сұрады.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян да бұл әрекетті айыптады.

«Премьер-министр Пашинян мұндай тәжірибені айыптайды. Оны жауапсыз қалдыруға болмайды.  Халықаралық деңгейде мойындалған мемлекеттің, әсіресе көршілес елдің туын жағу – анық арандатушылық және шиеленісті күшейтетін әрекет», – деді премьер-министрдің баспасөз хатшысы Назели Багдасарян. 

Айта кетсек, дәстүрлі факель шеруі бейсенбі кешінде Ереванда Осман империясындағы армян геноциді құрбандарын еске алу күніне орай басталған. Қатысушылар Республика алаңында Түркия туын өртеген.

XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басында Осман империясы армяндарға қарсы жүйелі қудалау мен қысым жасаған. Атап айтқанда, 1915 жылы кейбір тарихшылардың мәліметінше, 1,5 миллионнан астам армян қаза тапқан. Осман империясындағы армян геноциді фактісін 23 мемлекет, сондай-ақ еуропарламент пен дүниежүзілік шіркеулер кеңесі мойындаған. 

Комментарии
Другие материалы