Ұлағатты 90 жас. Олжас Сүлейменовтің мерейтойына арналған форум өтеді

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/DGScHxylpsaNSheowCHquIVi625Li7QXJHKkbTwV.webp

Алматы қаласында Еуразия мәдениеттерін жақындастыруға арналған VII халықаралық «Өз жерінің елшісі» форумы ұйымдастырылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Аталған шара Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына арналады. 

Форумды Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығы ЮНЕСКО аясында, Болат Өтемұратов қорының қолдауымен өткізеді. Форум 26 мамырға жоспарланған.

Биыл Қазақстанда және әлемнің оқырман қауымында көрнекті ақын, ойшыл, лингвист-ғалым, сондай-ақ «Невада–Семей» антиядролық қозғалысының негізін қалаушы Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы кеңінен атап өтілуде.

Оның 1960-жылдардан басталған әдеби және ғылыми қызметі қазақ және түркі халықтарының ұлттық санасының жаңаша қалыптасуына ықпал етті. Ал 1989 жылы құрылған «Невада–Семей» қозғалысы қоғамды біріктіріп, ядролық сынақтардың зардабын еңсеруге жол ашты.

Форумның мақсаты – Олжас Сүлейменовтің әдеби, ғылыми және философиялық мұрасын жан-жақты зерделеу және оны қазіргі мәдени әрі білім беру үдерістеріне енгізу жолдарын қарастыру.

Комментарии
Другие материалы