Бес жастағы қыздың өлімінен кейін жаппай тәртіпсіздік болды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Q08IBNggu9OHMpkrqu5rOK2JZoSqiwQlnkyWIH8r.webp

Австралияның Алис-Спрингс қаласында бес жастағы қыздың өліміне байланысты жаппай наразылықтар басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Al Jazeera-ға сілтеп.

Бес жастағы қыз өткен сенбі күні жоғалып кеткен. Кейін оның денесі орманнан табылды.

Полиция мәліметінше, қызды ұрлаған күдікті бұған дейін де зорлық-зомбылық фактілері бойынша сотталған. Қауіпсіздік мақсатында ол Дарвин қаласына жеткізілді.

Елде жүздеген адам күдікті жеткізілген аурухананы қоршауға алған. Жергілікті тұрғындар полиция келмей тұрып 47 жастағы ер адамды соққыға жығып, есінен тандырған.

Қақтығыс барысында наразылық білдірушілер жедел қызмет көліктеріне тас лақтырып, техниканы өртеген. Салдарынан полиция қызметкерлері мен медицина мамандары зардап шекті. Жедел жәрдем және өрт сөндіру көліктеріне зақым келген. Құқық қорғау органдары көзден жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр болды.

Билік өкілдері тұрғындарды сабырға шақырып, істің заң аясында қаралатынын мәлімдеді. Қалада уақытша алкоголь сатуға тыйым салынып, полиция бақылауы күшейтілді.

Комментарии
Другие материалы