Алма-Арасан шатқалында жасөспірім жартастан құлап кетті

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/0HhqLiG2b9MGES59qHOhXA6SuLKJrwYXtJxmDuUF.jpg

Алматы қаласы Алма-Арасан шатқалындағы Терра алаңы маңында алдын ала мәлімет бойынша жасөспірім жартастан құлап, аяғын жарақаттап алды. Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

"Оқиға куәгерлері құтқарушылардан көмек сұраған. Хабарлама түскеннен кейін ҚР ТЖМ "Барыс" республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметімен бірлесіп оқиға орнына жедел түрде шықты. Алма-Арасан пансионаты маңына жеткен соң, олар жолды жаяу жалғастырды. Таулы аймақпен көтерілу шамамен 2,5 сағатты алды. Құтқарушылар зардап шеккенді жедел түрде тауып, оның 15 жастағы жасөспірім екенін анықтады", – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккен балаға қажетті көмек көрсетіліп, тасымалдау жұмыстарын бастаған. Жасөспірім эвакуацияланып, Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылған.

Комментарии
Другие материалы