Астанада төртінші Charity Samruk Marathon қайырымдылық шарасы өтті. Марафоннан жиналған 250 млн теңге жаңа оқу жылына дейін еліміздегі мектептерде 10 инклюзияны қолдау кабинетін ашуға жұмсалады. Марафонның негізгі демеушілерінің бірі – Halyk.
«Самұрык-Қазына» АҚ марафоны жыл сайын қолжетімді білім беру ортасын қалыптастыру идеясын қолдайтын қатысушылар мен серіктестерді біріктіруде. Биыл Ботаникалық бақта өткен жарысқа әр түрлі мамандық пен жастағы 3000 адам қатысты. Charity Samruk Marathon–нан жиналған қаражат инклюзивті білім беру инфрақұрылымын құруға жұмсалатын болады. Алдыңғы жарыстардың арқасында астананың 15 мектебінде инклюзивті қолдау кабинеттері ашылды.

Марафонды Астана әкімдігінің қолдауымен «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірыңғай қайырымдылық операторы - «Samruk-Kazyna Trust» қоры ұйымдастырды.
«Жиналған қаражатқа ерекше балаларға арналған 10 жаңа инклюзияны қолдау кабинетін ашамыз. Мұндай жобаларды тиімді іске асыру бойынша тәжірибеміз бен нақты көзқарасымыз бар. Бүгінде осындай марафондардан түскен қаражат есебінен 15 кабинет іске қосылды», – деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
Биыл марафон бағдарламасы кеңейтіліп, төрт форматты қамтыды: қатысушылар 2,5 км, 5 км және 10 км қашықтықтарға жүгіруден, сондай-ақ 2,5 км қашықтықта скандинавиялық жүрістен бақ сынасты. Марафонға қатысушылар мен қонақтар үшін тақырыптық аймақтар, мастер-класс және балаларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.
Экологияға да ерекше көңіл бөлінді: «Таза Қазақстан» акциясы аясында қатысушылар пластик бөтелкелер мен стақандарды өткізіп, орнына сыйлықтар алды.
Қайырымдылық марафонынан бастау алған игі іс бүгінде үлкен шараға айналып, жалғасын тапты. Соңғы екі жылда серіктестер мен қатысушылардың қолдауының арқасында жарыс 335 миллион теңге жинады. Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қолдауымен Астана, Ақмола және Атырау облыстарында 31 инклюзивті орталық жұмыс істейді. Олар ерекше қажеттіліктері бар 2000-нан астам балаға қызмет көрсетеді.

Halyk тек демеу көрсетумен шектелмеді: марафонға банктің Астана қалалық филиалының қызметкерлері Диляра Омар, Зарина Қыпшақбаева, Бағдат Есмағамбетова, Гүлназ Оразалиева, Балнұр Күзембаева, Марал Әзірханқызы, Жандос Ақжігіт және Дамир Асқаров қатысты. Бұл банктің әлеуметтік саясаты мен корпоративтік мәдениет ұстанымына беріктігін көрсетеді. Halyk командасының мүшелері атап өткендей, марапаттар мен үздік орындардан маңыздысы – қайырымдылық марафоны қолжетімді білім беруді дамытуға назар аударуға көмектеседі және әрбір бала үшін тең мүмкіндіктер ашу жолындағы тағы бір қадам.
