"Ұзақмерзімді әріптестікті нығайту". Аустрия министрі Астанаға келді

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/dAg5J2DJYKx6RwdhZXjZeZfNVriROKzOZrXyy4cI.jpg

Аустрия Республикасы Еуропа және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрі Беате Майнль-Райзингер ресми сапармен Астанаға келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сапар аясында ол Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевпен кездесті.

Тараптар кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізіп, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Кездесу барысында Ермек Көшербаев Қазақстан мен Аустрия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 1992 жылдан бері тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті.

"Сіздің ресми сапарыңыз ұзақмерзімді әріптестікті нығайтудағы маңызды қадам. Бұл саяси диалогымызға және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылымызға жаңа серпін береді. Бүгінде біздің байланыстар өзара сенім мен ортақ мүдделерге негізделген", — деді министр.

Ол Қазақстанның Аустрияны маңызды еуропалық серіктес ретінде қарастыратынын және ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

Өз кезегінде Беате Майнль-Райзингер бұл сапар бұрын қол жеткізілген келісімдердің жалғасы екенін атап өтті.

"Біздің ынтымақтастығымыз тұрақты дамып келеді. Бұл сапар Аустрияның Қазақстанмен әріптестікке жоғары мән беретінін көрсетеді", — деді ол.

Келіссөздер барысында инвестициялық ынтымақтастық, инфрақұрылымдық жобалар, соның ішінде Орта дәлізді дамыту мәселелері қаралды. Сонымен қатар тараптар энергетикалық қауіпсіздік және энергия ресурстарын жеткізу бағытындағы өзара іс-қимылды талқылады.

Комментарии
Другие материалы