Президенттікке үміткер болған саясаткер партиядан кетті

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/mxD1IEAxyF1BvtgF1vFm4sClD2syM680fthkql6D.webp

Қазақстан президенттігіне кандидат болған Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде хабарлап, партиядан және барлық сайланбалы органдардан шығу туралы шешімін 4 мамырда жолдағанын айтты.

Оның сөзінше, бұл қадам басқа партияға ауысу немесе депутаттық мандат алу мақсатымен байланысты емес. Ол мұндай шешімді ұзақ ойланудан кейін қабылдағанын жеткізді.

Саясаткер Ауыл партиясы қатарында 2015 жылдың қыркүйегінен бері, яғни шамамен 11 жыл бойы қызмет еткен. Осы уақыт ішінде ол партияның Президиумы мен Саяси кеңесінде болып, бес жылдан астам уақыт бірінші орынбасар қызметін атқарды.

Рахымбеков «Ауыл» партиясынан 2019 жылғы президент сайлауына, сондай-ақ 2021 және 2023 жылдардағы Мәжіліс сайлауларына қатысқан.

Комментарии
Другие материалы