Ергешбаевтың мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды

121
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/XQanY4zvVw450we7rB3BgbYVYnUmTlbnpCUUJKV5.webp

Мұрат Ергешбаевтың Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі

Оның депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы шешім жуырда Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалуына байланысты қабылданды. Бұл мәселе бүгін, 13 мамырда Мәжіліс отырысында қаралды.

Өз кезегінде Ергешбаев Мәжілістегі әріптестеріне бірлескен жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

«Парламент қабырғасындағы үш жылдық жұмыс барысында әріптестеріммен бірге адал еңбек етіп, заңдарды қабылдап, талқыладық. Заң шығару ісінің дамуына менің де аз да болса маңызды үлесім бар деп ойлаймын. Осы жерде үлкен тәжірибе жинақтадым және соны мақтан тұтамын», – деді ол.

Комментарии
Другие материалы