Қаскелеңде Джеки Чанның қатысуымен түсірілетін фильмге қанша қаржы жұмсалатыны айтылды

241
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/4wr4IIrsiNrOze2PY3oRstSxQYRFZgG0hNeA77JQ.jpg

«Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров Мәжіліс кулуарында Джеки Чанқатысатын «Құдай сауыты» фильмінің Қазақстанда өтетін түсірілімі туралы айтты. Оның сөзінше, фильмге 50 миллион доллар жұмсалады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Курсивке сілтеме жасап.

Қожаназаровның айтуынша, бұл қаражаттың бір бөлігі қазақстандық түсірілім тобының жалақысына, ғимараттарды жалға алуға, отандық актерлерге, сондай-ақ қонақүй, трансфер қызметтеріне жұмсалады.

Депутат Джеки Чанның Қазақстанда тағы екі қосымша фильм түсіруді жоспарлап отырғанын да жеткізді. Оның сөзінше, көптеген шетелдік продюсер Қазақстанды фильм түсіруге қолайлы алаң ретінде қарастырады. Себебі елде табиғаты көркем локациялар көп әрі қажетті инфрақұрылым бар.

«Голливудпен салыстырғанда бізде фильм түсіру 10 есе арзан, ал Қытаймен салыстырғанда бес есе арзан», — деді мәжілісмен.

Сондай-ақ ол Dala Stage түсірілім павильонының Қаскелеңде орналасуы үлкен артықшылық екенін айтты. Соның арқасында фильм өндірісі Алматы немесе Астанада түсірілгеннен екі есе арзанға түседі.

«Қателеспесем, олар Джеки Чанның қай жерде тұратынын да анықтап қойған», — деді төраға.

Сөз соңында депутат фильм Қазақстанның көптеген өңірінде түсірілетінін, алайда негізгі база Қаскелеңде орналасатынын атап өтті.

Комментарии
Другие материалы