Сыйақы – 200 мың доллар. АҚШ Иранмен байланысы бар экс-барлаушыны іздеп жатыр

250
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/reXoingru2aLUzJoZPsvGyzuFMrmMhj5bNMBsKxF.webp

фото: bb.lv

АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы (ФТБ) Иранның пайдасына тыңшылық жасады деп күдікке ілінген АҚШ Әуе күштері барлау бөлімінің бұрынғы қызметкерін ұстауға көмектесетін ақпарат үшін 200 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы жариялады. Бұл туралы CNN хабарлады, деп жазады «Адырна».

14 мамыр күні ФТБ 2019 жылы Иранның мүддесі үшін тыңшылық жасады деп айыпталған АҚШ Әуе күштерінің бұрынғы барлау маманы Моника Уитттің орналасқан жерін анықтап, оны ұстауға көмектесетін ақпарат үшін 200 мың доллар сыйақы берілетінін мәлімдеді. ФТБ оны әлі де Иранға көмектесуі мүмкін деп есептейді.

Уитт АҚШ Әуе күштерінің Арнайы тергеулер басқармасында қарсы барлау саласында жұмыс істеген. 2003–2008 жылдары ол Таяу Шығыста қызметтік тапсырмаларды орындаған. Тергеушілердің болжамынша, дәл сол кезеңде оны Иран барлау қызметі өз жағына тартқан. Кейін ол Иранға құнды ақпарат беріп, соның салдарынан америкалық барлаушылардың бірінің қауіпсіздігіне қатер төндірген.

Комментарии
Другие материалы