Бауырлас елден тарту. Өзбекстан Түркістанға жаңа мешіт сыйлады

106
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/omfwe2JCylhtrBKe1GlbFjCwNuJNd6vAYs0B1rPI.webp
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді, деп хабарлайды "Адырна".

Ақорда мәліметіне сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс және рухани ынтымақтастық нышаны ретінде Түркістанда бой көтерген мешітпен танысты.

"Құлшылық үйінің орталық залында Құран оқылды", делінген Ақорда хабарламасында.

Мешіт Өзбекстан президентінің Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға тартуы ретінде салынған.

Ғимаратта дәстүрлі ислам элементтері заманауи құрылыс технологияларымен үйлесім тапқан. Қасбеті мен ішкі аумағы ұлттық ою-өрнекпен және мұсылман каллиграфиясымен безендірілген. Мұнаралардың биіктігі – 61 метр.

Ғибадат орны жаңа инженерлік желілермен жабдықталған. Сондай-ақ абаттандырылған аумақта жарықтандыру жүйелері, демалыс аймақтары, субұрқақтар бар.

Комментарии
Другие материалы