Мемлекеттік сапардан соң. АҚШ делегациясы Қытай ұсынған құрылғыларын қоқысқа тастаған

204
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/RDiKmFNdRPMhxaQEKbgrdvYehLoahPxTRV0vjBSm.webp

Дональд Трамп бастаған америкалық делегация Қытайдан ұшар алдында қауіпсіздік мақсатында мемлекеттік сапар кезінде пайдаланылған барлық қытайлық гаджеттер мен рұқсатнамаларды қоқысқа тастаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы америкалық журналист Эмили Гудин хабарлады.

Журналистің мәліметінше, Ақ үй қызметкерлері ұшаққа мінер алдында делегация мүшелерінің бейдждерін, бір реттік телефондарын және Қытайда қолданылған құрылғыларын жинап, трап маңындағы қоқыс жәшігіне тастаған.

«Қытайда өндірілген ешқандай зат ұшақ бортына кіргізілмейді. Біз жақын арада Америкаға ұшамыз», — делінген жарияланымда.

Мұндай қадам Қытайдың кибершпионаж саласындағы беделіне байланысты қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында жасалғаны айтылды. АҚШ тарапы елге оралғаннан кейін қандай да бір бақылау құрылғылары немесе ақпараттық қауіп төндіруі мүмкін техникалардың бортқа өтуіне жол бермеуді көздеген.

Сонымен қатар бұл қатаң қауіпсіздік шаралары Қытайдағы ресми сапардың салтанатты дипломатиялық атмосферасымен қарама-қайшы болғаны атап өтілді.

Бұған дейін Си Цзиньпин мен Дональд Трамптың Бейжіңдегі кездесуі кезінде түсірілім тобы мен күзет қызметі арасында жанжал шыққаны хабарланған еді. Оқиға келіссөздер басталар алдында конференц-залда болған. Алайда екі ел басшысы бұл жағдайға араласпаған.

Комментарии
Другие материалы