Түркістан ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды

221
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/5nKPEQpS5qOtw7cwXWA6WhJXA9i7qQbGoktBXrcv.jpg

Фото:Gov.kz

2026 жылғы 13–14 мамыр күндері Ресейдің Қазан қаласында ICESCO Бас конференциясының 15-сессиясы өтті. Халықаралық жиынға ұйымға мүше 53 мемлекеттің өкілдері қатысқан.

Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, конференция барысында ICESCO-ның 2020–2025 жылдар аралығындағы қызметінің қорытындылары қаралып, 2026–2029 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары талқыланды. Құжатта ұйымның білім, ғылым және мәдениет салаларындағы алдағы басым бағыттары айқындалған.

Форум аясында Қазақстан үшін маңызды бастамалардың бірі жарияланды. Атап айтқанда, Түркістан қаласы 2027 жылы ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесін алуға үміткер ретінде ұсынылды.

Конференцияда сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Әли соңғы жылдары Қазақстанның мәдени мұралары ислам әлемі деңгейінде кеңінен танылып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, ICESCO-ның ислам әлемі мұралары тізіміне елімізден «Тоғызқұмалақ» дәстүрлі ойыны, «Ою-Өрнек» өнері және «Қармақшы жыраулары» ауызша поэзия дәстүрі енгізілген.

Сонымен қатар Қазақстан тарапы 2026 жылы Алматы қаласында әл-Фарабидің адамзат өркениетіне қосқан үлесіне арналған II халықаралық конференция өтетінін мәлімдеді. Іс-шара ICESCO ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылады.

Айта кетейік, ICESCO Бас конференциясы төрт жылда бір рет өткізіледі. Биылғы жиын гибридті форматта ұйымдастырылып, халықаралық мәдени және ғылыми ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне басымдық берілді.

Комментарии
Другие материалы