Дәрігерлер өлді деп санаған зейнеткердің жерлеу кезінде тірі екені анықталды

270
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Atn6OD0QAeHsvlVpKn9eRX77KcIjgAZU5SW43SRI.jpg

Бразилияда дәрігерлер «қайтыс болды» деп таныған 88 жастағы ер адам жерлеу кезінде тірі болып шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «24KZ» сайтына сілтеп.

Оқиға 16 мамыр күні Президенте-Бернардес қаласында болған. Зейнеткер тыныс алу жеткіліксіздігімен ауруханаға жеткізілген. Кейін дәрігер оның қайтыс болғанын ресми түрде тіркеген.

Марқұмның денесі стандартты рәсімдер үшін жерлеу бюросына тапсырылған. Алайда мекеме қызметкерлері ер адамның іш тұсында қозғалыс белгілерін байқап, жедел жәрдем шақырған.

Дәрігерлер оған алғашқы көмек көрсетіп, интубация жасаған. Кейін науқас шұғыл түрде Президенте-Пруденти қаласындағы ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған.

Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағалануда.

Оқиғадан кейін құқық қорғау органдары тиісті медициналық көмектің көрсетілмеуі мүмкін деген күдікпен тергеу бастады. Сондай-ақ медициналық мекемеде ішкі тексеріс жүргізіліп жатыр.

Комментарии
Другие материалы